«Сантостың» вице-президенті Одильо Родригес "Барселонамен" арада Неймардың трансфері жайында келісімшарттың жүріп жатқанын және аталған ойыншының каталондық клубқа ауысуға тілек білдіргені турасында мәлім етіпті.
"Сантостың" ресми өкілінің сөзіне сенсек, бразилиялық команданың көшбасшы ойыншысы өзінде бар көп таңдаудың оңтайлы шешімі есепті "Барселонаны" таңдап отырған көрінеді.
"Неймар "Барселонаға" ауысқысы келетінін айтты. Әрине, одан бөлек те таңдаулар жетерлік. Алайда, оның таңдауы - "Барса", - дейді Родригес, - Испанияда "Барсаның" алқалар кеңесімен кездесу болып өтті. Каталондықтардың президенті Сандро Роcель және футбол директоры Рауль Санльехи - өте ізгі адамдар. Бәріне қарамастан, келісім жалғасын табуда және екі жақтың нақты шешімі әлі орнаған жоқ. Алғашқы ұсынысты жеткіліксіз деп таптық".
Бүгінгі таңда 21 жастағы орталық қорғаушыға "Барсамен" бір қатарда корольдік "Реал" мен баварлық "Бавария" командасы қызығушылық танытып келеді. Осы тұста Родригестің бір сөзіне тоқтала отырсақ, "Сантос" клубына "корольдік клуб" басшылығының жақын күндерде ресми ұсынысы келіп түспек екен.
"Реалдан" бүгінгі таңға дейін ауыс-түйіс жайында ресми ұсыныс түскен жоқ, бірақ, біздің бір білетініміз, жақында түсіп қалады. Президенті Флорентино Переспен әзірше сұхбаттасқан жоқпын. Барлық жағдайда ең бастысы спортшының жеке пікірі. Біздерге бір уақытта өзіміз үшін де ең тиімді болып табылатын таңдауды жасап, өз кезегінде Неймардың тілек-арманын орындап беруіміз қажет" - дейді.
Неймардың "Сантоспен" арадағы келісімі 2014 жылға дейін.
сурет:eurosport.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек