Найзағай – күш, аңыз және қорқыныш. Бұл Аспан мен Жерді байланыстыратын «ұшқын жібі». Найзағай ғасырлар бойы зерттеліп келеді. Бұл табиғи құбылыс туралы алғашқы ақпарат 1750 жылы пайда болды. Бұлтта заряд қалай пайда болады, найзағай кезінде гамма немесе кванттар неге таралады – бұл сұрақтарға әлі жауап жоқ. Назарыңызға найзағай туралы қызықты деректерді ұсынамыз.
♦ Найзағайдың орташа ұзындығы он шақырымға жуықтайды;
♦ Найзағай температурасы күн бетіндегі температурадан бес есе жоғары болуы мүмкін. Себебі, оның ең жоғарғы жылуы Цельсий бойынша 27771 градус;
♦ Барлық ежелгі мәдениеттерде найзағай күштің, жылдамдықтың, қозғалыстың белгісі және аспан мен жерге қызмет еткен жігердің белгісі болып есептелген. Найзағай түскен жерлер қасиетті деп саналды;
♦ Бір қызығы, гректер теңізге найзағай түссе теңіз маржаны көбейеді деп сенген;
♦ Ацтектерде найзағай жерді тесіп өтіп, өлгендерді қорғайды деп ойлаған;
♦ Адам пайдаланған алғашқы әйнек бөліктері найзағайдың Жерге түсуінен пайда болды. Оны "фулгур" деп аталады;
♦ Найзағай түскен ұшақтарға да түскен;
♦ Найзағай бір түскен орнына екі немесе тіпті үш рет түседі;
♦ Найзағай Арктика мен Антарктидада өте сирек кездеседі. Орташа статистика көрсеткендей, жылына бір шаршы километр жерге 2-3 найзағай түседі;
♦ Статистикаға сүйенсек, найзағай мен төсектен құлап өлу ықтималдығы шамамен тең;
♦ Найзағай екі миллион адамның біріне ғана түседі;
♦ Угандадағы Тороро қаласында жылына 250 күндей найзағай ойнайды;
♦ Америкалық Рой Салливан найзағайдан 7 рет аман қалды;
♦ 1998 жылы Конго Демократиялық Республикасындағы футбол алаңына найзағай түсіп, бүкіл команда - 11 адам қаза тапты. Спортшылардың жасы 20 мен 35 жас аралығында болған. Бір таңқаларлығы, қарсылас командадан ешкім зардап шеккен жоқ.