«Наполидің» бас бапкері Рафаэль Бенитес «Ливерпуль» шабуылшысы Луис Суаресті сатып алуға ниетті деп хабарлайды Daily Mirror.
26 жастағы уругвайлықтың «Энфилдтен» кетуіне басты себеп ағылшын баспасөзінің қысым көрсетуі екендігі белгілі. Айта кетсек, Суаресті иемденуге мадридтік «Реал» да басты үміткер саналады.
Дей тұрғанмен, жуырда «Челсиден» кеткен және жақында аталған итальяндық клубта қызметін бастаған Бенитес Луис үшін тартысуға дайын және Эдинсон Каванидің трансферінен табылған қаражатқа Суаресті иемденуге «Наполидің» қалтасы көтеретіндігіне де сенімді.
Айта кетсек, Каваниге «Челси» және «Реал» клубтары өз қызығушылығын білдіруде. Ал аталған ойыншы «корольдік» клуб сапында өнер көрсетуді қалайды-мыс.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: news.sportbox.ru