Манчестер Юнайтедфутбол клубы бас жаттықтырушыЖозе Моуриньюменарадағы келісімшартты үзетін болса, қомақты қаржыға шығындалуы мүмкін, - деп жазады AS басылымы. БАҚ ақпараты бойынша манкуниандық клуб келісімшартты бұзып, орындамаған жағдайда португалдық маманға 26 миллион еуро көлемінде қаржы төлейтін болады. Қызыл сойқандар жаңа маусымды да сәтті бастай қойған жоқ. VI турдан кейін 10 ұпаймен 7-орында келеді. Сондай-ақ Жозе мен Поль Погба арасындағы кикілжің де ушығып барады. Кей батыстық басылымдар МЮ тәуекелге барып, келісімшартты үзетіні жайлы жазуда. Жозенің орнынаЗиннедин Зиданнемесе маусым соңынанМаурисио Почеттини(қазіргі Тоттенхэм бапкері) келуі мүмкін деп болжауда.