Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» командасының болгариялық жанкүйері Здравко Левиджов сүйікті командасының эмблемасын маңдайына татуировка ретінде салдырды. Құрылысшы болып қызмет атқаратын жанкүйер жатын бөлмесінің барлығын «қызыл сойқандардың» ерекше дүниелерімен жабдықтаған. Тіпті, жақында өзінің аты-жөнін де «Манчестер Юнайтед» деп өзгерткісі келген көрінеді. Бірақ, Болгария билігінің өкілдері рұқсат бермепті. Содан кейін Здравко сүйікті клубын айқындайтын маңдайына татуировка салуға шешім қабылдапты.
Айта кетейік, өткен жылы мюнхендік «Бавария» командасының жанкүйері Вахид Чехайя 1000 шақырым жолды артта қалдырып, сүйікті клубының стадионына жаяу жеткен болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sport.news.am