- Негізгі бет
- Бұл қызық
- «МЮ» - ағылшын...
«МЮ» - ағылшын премьер-лигасындағы ең "жалқау" команда
Әйгілі жаттықтырушы Жозе Моуринью жаттықтыратын «Манчестер Юнайтед» ағылшын премьер-лигасының ХІ тур ойындарынан кейін ең "жалқау" команда атанды. Манкуниандық клубтың ойыншылары өзге командаларға қарағанда аз жүгірген.
Футболда статистиканың түр-түрі бар. Соның бірі – ойыншының алаңда жүгірген қашықтығы. Оның өзі жекелей ойыншы және командалық бойынша есепке алынады. Осы командалық бойынша «МЮ» ойыншылары көш соңына орналасқан.
ХІ турдың қорытындысы бойынша алаңда ең көп жүгірген желаяқ команда – «Ливерпуль». Юрген Клопп жаттықтыратын ұжымның статистикасы 1282,4 км-ді көрсеткен. Екінші орында «Манчестер Сити» (1265.4 км) ойыншылары болса, үшінші орынға «Бернли» командасы (1254.2 км) орналасқан.
1. «Ливерпуль» – 1282.4 км
2. «Манчестер Сити» – 1265.4 км
3. «Бернли» – 1254.2 км
4. «Вест Бромвич» – 1248.9 км
5. «Тоттенхэм» – 1245.5 км
6. «Мидлсбро» – 1235 км
7. «Челси» – 1222.8 км
8. «Суонси» – 1219.2 км
9. «Арсенал» – 1219 км
10. «Борнмут» – 1214.3 км
11. «Саутгемптон» – 1200.4 км
12. «Халл Сити» – 1196 км
13. «Лестер» – 1188.8 км
14. «Вест Хэм» – 1186.7 км
15. «Сток Сити» – 1181.9 км
16. «Уотфорд» – 1182.4 км
17. «Эвертон» – 1178.6
18. «Кристал Пэлас» – 1173.5 км
19. «Сандерленд» – 1168.6 км
20. «Манчестер Юнайтед» – 1166.3 км
Айта кетейік, «Ливерпуль» ХІ турдан кейін 26 ұпаймен премьер-лигада көш бастап келеді. Ал «Манчестер Юнайтед» 18 ұпаймен 6-орында тұр.
О. Сансызбай