Мұхиттар Жердің шамамен 70 пайызын және Жердегі барлық судың 97 пайызын құрайды. Сонымен қатар, планетамызда бес мұхит бар екенін бірі білсе, бірі білмейді. Антарктида мұхитын 2000 жылдары бесінші мұхит қатарына қосу мәселесі көтеріле бастады. Жақында National Geographic бұл аймақтағы су алабын "Оңтүстік мұхит" деп таныды.
Назарыңызға барлық тіршілік иелеріне өмір беретін мұхит туралы бірнеше мәлімет ұсынамыз.
♦ Мұхиттар – шамамен 3,5 миллиард адамның негізгі тамақ көзі;
♦ Мұхиттар планетада тіршілік пайда болғанға дейін 3 миллиард жыл бұрын қалыптасөан;
♦ Қазіргі уақытта тіршілік формаларының 70% -ы мұхит суларында тіршілік етеді;
♦ Өткен ғасырдан бері мұхит суының деңгейі 25 сантиметрге көтерілді;
♦ Планетадағы вулкан белсенділігінің 90% -ы су астында;
♦ Жердегі ең биік толқыын 16 метрді құрайды, оны АҚШ, Канада және Фенди шығанағы жағалауларынан байқауға болады;
♦ Жердегі ең төменгі нүкте Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі – Мариан шұңғымасы, ол теңіз деңгейінен 11 034 метр төменде орналасқан;
♦ Мұхиттың ең таза суы Антарктиданың жағалауындағы Уиделл теңізінде орналасқан;
♦ Ең көп алтын құрамы Балтық теңізінің суларында тіркелген;
♦ Мұхит суындағы дыбыстың жылдамдығы ауаға қарағанда бес есе жоғары;
♦ Мемлекеттер арасындағы сауданың 90% -дан астамы су қатынасы арқылы жүзеге асырылады;
♦ Жыл сайын акулаға қарағанда аралардың шағуы мен найзағай түсіп көп адам қайтыс болады;
♦ Мұхиттарға төгілген қалдықтар ауланған балықтардан үш есе көп. Ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен тең;
♦ Бүгінде мұхиттардың тек 10 пайызы зерттелген;
♦ 8 маусым – Дүниежүзілік мұхиттар күні.