Францияның екінші дивизионында ойнайтын "Монако" футбол клубы "Лос-Анжелес Гэлаксидің" экс-ойыншысы Дэвид Бекхэмге келісім-шарт ұсынып отыр.
Клуб атақты футболшыға маусым аяғына дейін, яғни жарты жылға "Монако" сапында ойнауға ұсыныс білдіріп отыр. Егер футболшы осы кезеңде өзін жақсы қырынан танытып жатса, клуб басшылығы онымен толық келісімге отырмақ.
Қазірдің өзінде ағылшын футболшысы келісімге қарсы еместігін білдіріп үлгерген. Дегенмен нақты шешім желтоқсан айының аяғында қабылданатын көрінеді.
Естеріңізге салсақ, Бекхэм "Гэлакси" сапында 1 желтоқсан күні MLS Кубогынын ұтып алған еді. "Монакодан" бөлек париждік "Париж Сен-Жермен" клубы да Бекхэмге қызығушылық білдіріп отыр екен.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: out-football.com