Чемпиондар лигасын оныншы рет иеленген мадридтік «Реал» футболшылары финал алдында өзара бәстескен екен. Нәтижесінде Лука Модрич пен Даниэль Карвахаль уәделерін орындады.
Хорват жартылай қорғаушысының шашы ұзын екенін футболсүйер қауым жақсы білетін. Енді әлем чемпионатына Модрич қысқа шаш үлгісімен баратын болды. Ал «корольдік клубтың» жартылай қорғаушысы Карвахаль болса сақалын сарыға бояды. Футбол ойындарының шешуші кездесулерінде мұндай бәстесулер жиі болып тұрады. Ал айтқандары орындалған соң, уәдесінде тұрғандары да, тұрмағандары да бар.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.ru