Әлемдегі ең мықты боксшылардың алдыңғы қатарынан табылатын Флойд Мейвезердің Лас-Вегас қаласындағы үйін тонап кетті. Бұл мезетте спортшы өзінің 40 жас мерейін тойын Лос-Анджелесте тойлап жатқан көрінеді. Түрлі құмар ойындардың ордасы саналатын өлкедегі Мейвезердің үйінен әзірге 150 мың АҚШ доллары жоғалғаны мәлім болған. Қазіргі таңда құқық қорғау қызметкерлері бұған кінәлілер мен қылмыскерлерді іздестіруге кіріскен.
Өзінің спорттық ғұмырында 49 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жеткен Флойд Мейвезер 26 қарсыласын нокаутпен жеңген. Сондай-ақ 5 салмақ бойынша әлем чемпионы атанған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аргентиналық шабуылшы Анхел Ди Марияның да үйін тонап кеткен болатын. Өзінің отбасы үшін алаңдаған ойынша Манчестердегі үйін сатуға мәжбүр болған.