- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Мессиге ресми түрде...
Мессиге ресми түрде айып тағылды
«Барселонаның» атақты шабуылшысы Лионель Мессиге салық төлеуден жалтару деген айып тағылды. Бұл жөнінде испан баспасөзі хабарлайды. Нақтырақ айтар болсақ, аргентиналық футболшы мен оның әкесі 4 миллион евро қаржыны жасырғандығына күдікті болып отыр.
«Алтын доптың» төрт дүркін жеңімпазы аталған іске байланысты өзінің әкесі Хорхе Орасио Мессимен бірге 17 қыркүйек күні сот алдына келулері қажет.
Прокуратураның есептеуінше, Месси мен оның әкесі 2007, 2008 және 2009 жылдары Белиз бен Уругвайда тіркелген фирмалар арқылы футболшының суреттерін қолдану құқығын сату байланысты салық органдарынан 4,1 миллион евро қаржыны жасырып қалған.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: ojde.biz
Ж. FM