Мессиді сатып алуға әлемде екі клубтың ғана шамасы жетеді

Мессиді сатып алуға әлемде екі клубтың ғана шамасы жетеді

Каталонияның «Барселона» клубының техникалық директоры Ариедо Брайдо Лионель Мессиді командадан кетеді деп есептемейді. Егер кететін болса, оны сатып алуға әлемде екі клубтың ғана шамасы жететінін жеткізді.

Каталондық клубтың бұрынғы спорттық директоры жақында ғана қайтадан жұмысқа қабылданып, команданың техникалық департаментін басқаруға мүмкіндік алған еді.

- Футболшы мен клуб арасында келісімшарт орнатуда менің 30 жылдық тәжірибем бар. Менің Бразилияда, Аргентинада және Еуропаның көптеген мемлекеттерінде таныстарым жетерлік. Сондықтан да каталондық клубқа тигізер пайдам зор деп ойлаймын. Ал Мессиге келер болсақ, оны клубтан кетеді деп ойламаймын. Ал шынымен кетер болса, оны сатып алуға екі клубтың ғана шамасы жетеді. Олар: «ПСЖ» және «Манчестер Сити», - дейді  Ариедо Брайдо.

Айта кетейік, жексенбі күні «Райо Вальекано» қақпасына 3 гол соққан Лионель Месси Испания чемпионатында 24-ші хет-тригін орындап, рекорд орнатқан болатын. 

Cурет: eurosport.com

Оқи отырыңыз

«Барселона» ойыншылары футболдан өзге қандай кәсіппен айналысады?

«Реалдың» Ди Марияны сатуының бір себебі айтылды

«Бавария» бапкері жол апатына ұшырады

B. ZHAQSYMBET