Әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси туған жері Росариода үйлену тойын өткізді. Ол азаматтық некедегі сыңары Антонелла Рокуццоға үйленді.
"Барселона" клубының көшбасшысы үйлену тойына 250-ден астам қонақ шақырған. Мәртебелі меймандар қатарында қазіргі каталондық клубтың футболшылары, сондай-ақ Луис Суарес, Жерар Пике, Хавьер Маскерано, Хави, Сеск Фабрегас жұбайларымен келген. Одан өзге қонақтар қатарында Карлес Пуйоль, Серхио Агуэро, Гонсало Игуаин, Эсакель Лавесси сынды танымал футболшылар болды.
Мессидің үйлену тойына байланысты қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, 300-ден астам тәртіп сақшылары тойды бақылауда ұстаған.
Айта кетейік, Месси мен Антонелла бүгінде екі ұл тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда Тьяго – 5 жаста, Матео – 2 жаста.