Футболдан 2015 жылдың «Алтын доп» иегері де анықталды. Салтанатты шара соңынан Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ресми сайтында кімнің кімге дауыс бергені туралы ақпаратты жариялап үлгерді.
«Алтын доптан» басты үміткер саналған Криштиану Роналду мен Лионель Месси бір-біріне дауыс бермеген. Екеуі де командаластарына дауыс берген. Португалиялық ойыншы Карим Бензема, Хамес Родригес және Гарет Бэйлды үздік деп таныса, аргентиналық сұрмерген Луис Суарес, Неймар және Андреас Иньеста есімін атаған.
Лионель Месси спорттық мансабында «Алтын допты» бесінші рет жеңіп алды. Сондай-ақ бұл марапатты бесінші рет жеңіп алған тұңғыш ойыншы атанып отыр.
Сонымен футбол тарихындағы тағы бір айтулы оқиға артта қалды. Енді, кімнің кімге дауыс бергенін қарай отырайық.