Ауғанстан футбол федерациясы әлеуметтік желіде әлем назарын аударған бала Мұртазаны сүйікті футболшысы Лионель Мессимен кездестірмек. Қазіргі таңда олар аргентиналық сұрмергенмен кездесу туралы келісімге келіп үлгерген. Жол шығынын да өздері көтермек екен.
Айта кетейік, Лионель Месси Мұртазаны тауып, көмектескісі келетінін де мәлімдеген еді. Алғашқыда Kurdistan24tv арнасы бұл бала Ирактағы Хомид атты курд баласының 2 жыл бұрынғы фотосы деп мәлімдеген-ді. Кейіннен бұл ақпарат жалған болып табылды.