Месси мен Дель Боске – тілшілердің пікірінше үздіктер

Месси мен Дель Боске – тілшілердің пікірінше үздіктер

Санаулы ғана уақыттан кейін 2012 жылғы әлемнің үздік ойыншысы мен үздік бапкері анықталатын болады. Осы орайда шет елдің газет-журналдары «Алтын доп» кімге бұйыратынын алдын ала жорамалдап жатыр.

Испания мен Аргентинаның белді басылымдары «Алтын допты» каталондық «Барселона» мен Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Леонель Месси алады деп отыр. Лео бүгін түнде «Алтын допты» жеңетін болса, ол футбол тарихындағы үздік ойыншыға берілетін «Алтын допты» төртінші рет жеңіп алған алғашқы ойыншы атанады. Аргентиналық La Capital басылымы тіпті газеттің алғашқы бетіне «Мессиден өзгелері «Алтып допқа» лайық емес» деген мақаласын жариялапты.

Сонымен қатар, бұл басылымдар бір ауыздан үздік бапкер атағы Испания құрамасының жетекшісі - Висенте дель Боскеге беріп отыр.

Ал португалдық A Bola газеті аргентиналық шабулшы мен испандық бапкердің шынайы шебер екенін айтқан. Дегенмен «Алтын допқа» Криштиану Роналду, үздік бапкер атағына - Жозе Моуринью лайық екенін жазған.

Айта кетейік, «Алтын допты» марапаттау рәсімі Швейцарияның Цюрих қаласында, Алматы уақытымен 24.00 басталады.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН