Танымал аргентиналық футболшы Лионель Месси еліне барып қайтатын жеке ұшақ сатып алды. "Барселона" көшбасшысы әуе кемесі үшін 15 миллион долларын шығындаған.
"Gulfstream V" ұшағы 2004 жылы шыққан. 16 адамға арналған. Жататын болсаң 8 адамға ықшамдалады. Екі асханасы, екі жуынатын бөлмесі бар екен.
Пеле: "Марадона Мессиден әлдеқайда мықты ойнаған"
Ұшақ қанатына "10" саны таңбаланған. Бұл - футболшының әдетте алаңға киіп шығатын жейдесіндегі сүйікті нөмірі. Ал ұшақ сатыларына отбасы мүшелерінің есімі жазылған.