- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Месси Аргентинада жылдың...
Месси Аргентинада жылдың үздік спортшысы атана алмады
Аргентинада жылдың ең үздік спортшысы таңдалды. Тілшілер арасындағы дауыс беру қорытындысы бойынша теннисші Хуан-Мартин дель Потро жыл үздігі атанды.
«Олимпия-де-Оро» марапаты Аргентинада жыл сайын табысталып келеді. Биыл бұл сыйлықты Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Аргентина құрамасының Дэвис кубогын жеңіп алуына сүбелі үлес қосқан теннисші Хуан-Мартин дель Потро иеленді. Ол дауыс беруде каталондық «Барселонаның» үздік сұрмергені Лионель Мессиді басып озды.
- Месси де бұл марапатқа лайықты. Елі үшін еңбек сіңіріп жүр. Менің бұл марапатты алғаным сәл әділетсіздеу де болған шығар. Бірақ біз сіздердің қолдауларыңыздың арқасында елімізде таныта түсетін боламыз, - деді Хуан-Мартин дель Потро «La Nacion » басылымына берген сұхбатында.
О. Сансызбай