Әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси әлемдегі ең қымбат көлікті сатып алды. Бұл туралы Испанияның «AS» басылымы хабарлап отыр.
Каталондық «Барселонаның» үздік сұрмергені 1957 жылы шыққан «Ferrari 335 S Spider Scaglietti» көлігіне 32 миллион евросын шығындаған. Көліктің бастапқы құны 20 миллион евроға бағаланған. Айта кететіні, бұл көлікті сатып алуға Криштиану Роналду да емеурін танытқан. Алайда сатып алуда Мессиден «жеңіліп» қалған.
«Ferrari 335 S Spider Scaglietti» спорттық көлігімен 1958 жылы әйгілі британдық автошабандоз Мосс Стирлинг Куба Гран-Приіне қатысқан.
Әзірге аргентиналық футболшының дос-жарандары оның ең қымбат көлікті сатып алғанын жоққа шығаруда.