Мексика Жапониядан басым түсті

Мексика құрамасы Конфедерация Кубогінің үшінші турында Жапония құрамасын жеңді. Бразилияның Белу-Оризонти қаласындағы «Минейрао – Губернатор Магальянс Пинту» стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Кездесудің үздік ойыншысы атанған мексикандық шабуылшы Хавьер Эрнандес бірден екі гол соқса, жапондық футболшы Синдзи Окадзаки мексика қақпасына соғылған жалғыз голдың авторы.

Жапония – Мексика – 1:2

Голдар: Эрнандес, 54 (0:1); Эрнандес, 66 (0:2); Окадзаки, 86 (1:2).

Мексика құрамасы жалпы үш кездесу нәтижесі бойынша топта үшінші орынға орналаса, Жапония командасы – төртінші болды. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/4Nvy9TWN6Mg?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"320"});

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: eurosport.ru