23 жасар дортмундық «Боруссия» командасының ойыншысы Марко Ройс өзінің спорттық ғұмырын Тұманды Альбионда жалғастыруы мүмкін.
Бұл ойыншы алдағы жазғы трансферлік ауысым барысында «Манчестер Сити» командасының жейдесін киію мүмкін. «МС» клубының бас бапкері Роберто Манчини Ройсты сатып алу үшін команданың жетекшілерінен 35 миллион фунт сұраған екен.
Дуық арада енді қос команданың өкілдері кездесіп, Марко Ройстың Манчестерге ауысуы туралы алғашқы келіссөздерді өткізетін болады.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz