- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Марафон кезінде жарақат...
Марафон кезінде жарақат алған жапон қызы мәреге еңбектеп жетті
Жарақат алса да жеңіске деген жігерін танытып, командасын жарты жолда қалдырғысы келмеген жапон қызының жүгіру кезіндегі ерлігі интернет қолданушыларын тәнті етті. Оқиға Жапонияның Фукуока қалашығындағы экиден марафоны кезінде болған.
19 жастағы студент Рей Айда жарыстың 35-ші шақырымында эстафета жалаушасын алып, жарыс жолына шыққан. Алайда келесі командаласына беруге 200 метр қалғанда аяғы қатты ауырып, бастырмай қалған. Нәтижесінде эстафета мәресіне дейін еңбектеп келіп, келесі командаласына табыстаған.
Кейіннен анықталғандай, Рей жүгіру кезінде аяғын сындырып алған. Жарақаты ауыр болса да, жер бауырлап жеткен оған жұрттың қошеметі зор болды. Тіпті көзіне жас алып, қол соққандар да бар. Бір өкініштісі, Рейдің сонша жанталасып жеткендегі еңбегі еш кеткені. Ол құлаған сәттен бастап-ақ командасы жарыстан шығып қалған екен.
Мәреге жеткен студентке бірден медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлер жарақатынан толық айығу үшін 3-4 ай уақыт керек екенін мәлімдеген.
О. Сансызбай