Марадона Италияға бара алатын болды

Футбол патшасы Марадона ақыры Италияға бара алатын болды. Бұлай деуге себеп, осыдан жеті жыл бұрын, яғни, 2005 жылы Италияның сот мекемесі Диего Марадонаны 37 миллион 200 мың евро бажы ұрлаған деген қылмыспен айыптап, Италия шекарасына кіру құқығын шектеген болатын.


Сот мекемесі 2011 жылы бұл іске қайта сот ашып, алғашқы үкімде қателік барын айтып, оған тағылған айыптауды алып тастады.

Марадонаның адвокаты Анджело Пизани мәлімдеме жасап: «Бұл қылмысты іс қайта қараудан өткен соң, оның кінәлі еместігі дәлелденді. Неше жылдан бергі бұл қате тағылған айып Марадонаның атақ-абыройына нұқсан келтіріп отыр. Біз жуырда бұл сот мекемесінің үстінен шағым айтып, 40 миллион евро шамасында төлем төлеуді талап етеміз» деді. 
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: obozrevatel.com