- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Мәнерлеп сырғанаушылардың күлкілі...
Мәнерлеп сырғанаушылардың күлкілі суреттері – 2
Мәнерлеп сырғанау – конькидің көмегімен орындалатын спорт түрі. Бұл спорт түрі айналу, секіру, адым комбинациялары секілді элементтер арқылы жүзеге асады. Осы элементтер орындалып жатқан кезде міндетті түрде сазды әуен қосылып тұрады.
Бұл спорт түрі ең алғаш 1860 жылдардан бастап қалыптаса бастады. 1882 жылы бірінші ерлер арасындағы жарыс Вена қаласында өтті. Арада біраз уақыт өткен соң 1908 және 1920 жылдары аталған спорт түрі Жазғы Олимпиада ойындарына кірді. Бұдан кейін 1924 жылы Қысқы Олимпиада ойындарына енді.
Мәнерлеп сырғанауды ерлер арасында жалғыз сырғанау, әйелдер арасында жалғыз сырғанау, жұппен сырғанау, спорттық билер және топпен сырғанау деп бірнеше түрге бөледі.
2014 жылдан бастап бұл бағдарламалардың қатары командалық мәнерлеп сырғанаумен толықты.
Әдетте спорттың бұл түріне балаларды 7-8 жастан бастап қатыстыра бастайды. Елімізде алғашқы жарыстар 1957 жылы өтті. Харбин мен Кореяда өткен Олимпиада ойындарына Е.Стекольникова, Д.Казарлыга, М.Халтурина және Е.Крюков сынды спортшыларымыз қатысты. Мәнерлеп сырғанау үйірмелері Алматы, Астана, Өскемен, Орал, Теміртау, Қарағанды, Ақтөбе сынды қалаларда жұмыс істейді.
Назарларыңызға әлемдік спортшылардың сырғанау барысында түсірілген қызықты суреттерін ұсынамыз:
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет:ellf.ru
Қ. Бүйенбай