- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру...
Мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру Ханю Денис Тенді Алексей Ягудинмен салыстырды
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Юдзуру Ханю Денис Тенді Ресейдің мәнерлеп сырғанаушысы Алексей Ягудинмен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Денис екеуміз юниор кезімізден жарысып келеміз, ол сәтті өнер көрсеткен кезде мені уайымдатады", - дейді Ханю. - Ол өте жақсы спортшы, жақсы. Мен Солт-Лейк Ситидегі Олимпиада ойындарын ұнатамын, Денистің Алексей Ягудинге ұқсайтын тұстары бар. Оның өнер көрсетуінің қуаты, әртістігі, секіруі, мен оның өнерін бағалаймын, бірақ мен артта қалуыма болмайтынын түсінемін. Мен тек жақсыны көруім керек, бірақ жеңілмеуім керек".
Айта кетейік, Шанхайда өткен әлем чемпионатында Ханю 2014 жылы жеңіп алған чемпиондық титулын сақтап қала алмады. Жапон спортшысы испан мәнерлеп сырғанаушысы Хавьер Фернандеске есе жіберіп, екінші орынды місе тұтты. Қола жүлдені Денис Тен алды.
Еске сала кетейік, Денис Тен 2015 жылы Сеулдегі "Төрт құрлық турнирін" жеңіп шыққан еді. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарлама бойынша 97,61 баллмен жеңген еді. Бұдан кейін ол еркін бағдарлама бойынша да үздік нәтиже көрсетті. Денис Тен екі күннің қорытындысы бойынша спорт маусымының үздік нәтижесіне қол жеткізді - 289,46 (97,61 + 100,45 + 91,40). Екінші орынды АҚШ спортшысы Джошуа Фаррис алды. Ол қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында ғана еді - 260,01, үштікті болса Қытай азаматы Янь Хань қорытындылады. Соңғы спортшы да бірінші бағдарламада алдыңғы орындардан көріне алмаған болатын - 259,47.
сурет: tengrinews.kz
Е. Қайрахан