«Манчестер Юнайтед» трансферлік ауысымаралықта «Эвертонның» жартылай қорғаушысы Маруан Феллаиниді сатып алмақшы. Команда бұл үшін 22 миллион фунт стерлингке шығындалуы керек.
31 шілде күні аталған ойыншының аталған клубпен арадағы келісімі бітеді. Сол аралықта «Эвертон» басшылығы жақсы ұсыныстардың біріне тілек білдіруі әбден мүмкін, деп хабарлайды The Sun.
Естеріңізге салсақ, «Юнайтедтің» жаңа бас бапкері Дэвид Мойес (ертеректе «Эвертонда» жұмыс жасаған) «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Тьяго Алькантарадан көз жазып қалып еді. Немістің алпауыт клубы орта жолдан қағып алып кеткен болатын.
Сеск Фабрегасқа талас қылып отырған шотландық маманның өз дегені болмаса, Феллаиниді сатып алуға тас түйін дайын отыр.
сурет: footballisimo.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек