Мадейра аралындағы әуежайға Криштиану Роналдудың есімі берілді. Салтанатты шараға футболшының өзі арнайы келіп қатысты.
30 наурыздан бастап әуежай "Криштиану Роналду атындағы халықаралық әуежай" деп аталады. Іс-шараға ел президенті Марселу Ребелу ди Соза да қатысты. Футболшы осындай құрмет көрсеткен отандастарына алғысын білдірді.
32 жастағы футболшы осы Мадейра аралында дүниеге келген.
Қазіргі таңда ғаламторда Роналдуға әуежайдың аты берілгені емес, оның әуежайдағы қола мүсіні қызу талқыланып жатыр.