Португалия құрамасының бұрынғы ойыншысы Луиш Фигу алдағы уақытта миландық "Интер" командасын жаттықтыруы мүмкін. Бұл туралы O Jogo басылымы хабарлайды.
Андреа Страмаччони баптайтын "нерадзурриліктер" ішкі біріншіліктің соңғы ойынында "Фиорентина" командасына 1-4 есебімен ойсырай жеңілген-тұғын. Содан да болар, бұрынғы жараның орны қайта ашылды.
Айта отырсақ, соңғы жеңілістен соң "Интер" командасы турнир кестесінің бесінші сатысына жайғасты. Өз кезегінде көш басында тұрған "Ювентус" командасынан 12 ұпайға қалып келеді.
Аталған басылымның хабарлауынша, Страмаччони жақын күндері "Милан" командасымен болатын ойында тағы да жеңіліске ұшырар болса, онда өз тағынан кетуге мәжбүр болмақ. Және қазіргі таңда "Интердің" елшілік қызметінде жүрген Фигу бапкерлік орынға тағайындалуы мүмкін.
сурет:sport-express.ua
Дайындаған: Фараби Арыстанбек