Мюнхендік «Баварияның» шабуылшысы Роберт Ленвандовский бундеслига тарихындағы ең жылдам пента-трик авторы атанып, рекорд орнатты. Шабуылшы «Вольфсбург» қақпасына 9 минутта 5 гол соқты.
Бундеслиганың (футболдан Германия чемпионаты) VI турында «Бавария» мен «Вольфсбург» командалары кездесті. Мюнхенде өткен ойында алаң иелері қарсыластарын 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Бірінші болып қонақтар сапынан 26 минутта Даниэль Калиджури есеп ашты. Бірінші таймда осы голдың нәтижесінде «Вольфсбург» жеңіп шыққанмен, екінші тайм жанкүйерлер күтпеген оқиғамен басталды. Бірінші таймда ойнаған Тьяго Алькантараны алмастырған Роберт Левандовский бас аяғы 9 минутта 5 гол соғып, командасын алға шығарды. Шабуылшы өз голдарын 51-60 минуттар аралығында соқты. Нәтижесінде бундеслигадағы ең жылдам хет-трик, покер және пента-трик рекордтарын жаңартты.
VI турда «Вольфсбургті» жеңген «Бавария» жаңа маусымда жеңіліссіз келеді. 18 ұпаймен бундеслига көшін бастап тұр. Екінші орында дортмундтық «Боруссия» өкшелеп келеді.