Левандовски – "Реал Мадрид" командасына покер жасаған алғашқы ойыншы

Дортмундтық «Боруссияның» үздік шабуылшысы Роберт Левандовски Еуропа футболының тарихында мадридтік Реал командасына төрт гол соққан ең алғашқы ойыншы атанып отыр.

Польшалық шабуылшы мұндай жетістікке Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындары аясында өткен дортмунттық  Боруссия  мен  Реал  Мадрид  командаларының кездесуінде  қол  жеткізді. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасының 1960 жылғы ширек финалдық  және  финалдық  ойындарында қатарынан төрт гол соққан Ференца Пушкаштың ерлігін жаңа дәуірде қайталаған жалғыз шабуылшы екен. 

Естеріңізге сала отырсақ, Польша ұлттық құрамасы мен дортмундық «Боруссияның» шабуылшысы ақпан айында қызыл сойқандардың сапына ауысуға өз келісімін берген болатын. Сол кездегі трансферлік құны 22 миллион долларға бағаланып еді. Алайда, дортмундық клубтың басшылығы маусым соңына дейін ойланатындықтарын айтып құтылған-ды.

Тіпті, "Манчестер Юнайтед" командасының бас бапкері Алекс Фергюсон де пікірден қалыс қалмаған-ды:

"Шабуылшылардың көптігіне еш уайым болмасын. Қайта алдыңғы шепте ойнайтын Руни, Ван Перси, Эрнандес сынды "сен тұр, мен атайын" ойыншылармен бір қатарда деңгейі көтерілетін болады. Левандовский өте мықты шабуылшы. Оның келісімен командамыз тек өрге жылжыр еді".

сурет:news.sportbox.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек