Лэмпард - "Челси" тарихындағы ең ұлы ойыншы

Лэмпард - "Челси" тарихындағы ең ұлы ойыншы

«Челси» командасының капитаны Джон Терри жартылай қорғаушы Франк Лэмпардты өз клубының тарихындағы ең ұлы ойыншы деп санайды.

Жексенбі күні «Вэст Хэмге» қарсы өткен кездесуде (2:0) Лэмпард «Челсидегі» 200-голын соқты. Енді 34 жастағы жартылай қорғаушы тағы да 3 рет голдың авторы атану қажет. Осылайша, ол атақты Бобби Тэмблингтің рекордын бұзады.

Алайда, өзінің гол соғу жетістіктерімен Лэмпард лондондық клубпен әлі де жаңа келісім-шарт жасаса алмай келеді. Соған қарағанда, алдағы жазда ол клубтан еркін ойыншы ретінде кетеді. Дегенмен, Терри өз әріптесінің есімі«Челси» тарихында алтын әріппен жазылатыны сенімді. 

«Жұрт осы клубта өнер көрсеткен Джанфранко Дзола және басқа да атақты ойыншылар барын айтып жатады, бірақ, өз басым Лэмпардты үздік деп санаймын. Соңғы 10-15 жылда тұрақты түрде жақсы ойнап, гол соғып келетін тек екі-ақ ойыншыны атауға болады. Олар Райан Гиггз бен Лэмпард. Чемпиондар Лигасы, Премьер-Лига секілді жоғары деңгейлі ірі додаларда қаншама рет гол соққанына таңғаласың. Және ол әлі де тоқтар емес.  Ол осындағылардың бәріне үлгі. Әр маусым сайын гол соғып келетіні таңғаларлық нәрсе. Рекордты жаңатады деген үміттеміз», - дейді Терри Chelsea TV-ге берген сұхбатында.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: eurosport.ru

Ж. FM