«Кливленд» клубының танымал баскетболшысы Леброн Джеймс әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньоға ең қымбат сағатын сыйға тартты. Бұл туралы Daily Mail хабарлап отыр.
Баскетболшының футболшыға сыйға тартқан сағатының құны 60 000 АҚШ долларын құрайды екен. «Audemars Piguet» маркасымен шыққан сағат 2013 жылы шектеулі ғана данамен сатылған.
Айта кетейік, Роналдиньо қазіргі таңда Мексиканың «Керетаро» клубында өнер көрсетіп жүр. 10 ойынға қатысып, 3 гол авторы атанып үлгерді.
Сурет: lifestyleasia.com
Оқи отырыңыз
Алғаш рет «Форбстың» байлар тізіміне спортшы енді
Сабина Алтынбекова сағат жарнамасына түсті (фото)