Бокстан жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Кіші Флойд Мейвезер WBA (Super), WBС (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің америкалық боксшы Андре Уордты жеңе алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Головкиннің "Вконтакте" желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
"Мен оның бір ғана жекпе-жегін көрдім... Егер ол Андре Уордпен кездессе, Андре Уорд оны күмәнсіз жеңіп кетеді. Бірақ, GGG - жақсы боксшы, ол кездесуге барын салып кірісуді жақсы көреді. Ертеде мені ақылмен, қорғанысты ойлаумен жұдырықтасқанымды сынағандар болса да, шын мәнінде мен өз ісімнің жемісін көрдім", - деді Мейвезер.
Еске салайық, кіші Флойд Мейвезер Мэнни Пакьяомен 2 мамырда Лас-Вегаста кездеседі. Айта кетейік, Мейвезер осы күнге дейін жеңіліп көрген емес. Оның қоржынында 47 жеңіс (28 КО) бар.
Ал Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 16 мамыр күні Лос-Анджелес қаласында өтеді. Жерлесіміздің бұл жолғы қарсыласы Boxcino 2014 турнирінің орта салмақтағы жеңімпазы - кіші Вилли Монро. Қазақстан боксшысы Big Bear дайындық алаңына оралды.
сурет: tengrinews.kz