Мадридтік «Реалдың» жұлдызы Криштиану Роналду футбол ойнаудағы ләззатын «Манчестер Юнайтед» командасында өнер көрсеткенде алғанын айтты.
«Юнайтед» сапында Криштану клубтық Әлем чемпионатын, Чемпиондар Лигасын, үш рет Премьер-Лиганы, екі рет Лига Кубогын, Англия кубогын және де Англияның суперкубогын жеңіп алған болатын.
«Реалға» 80 милллион фунтқа сатылған Криштиану Англия жерінде 9 трофейге қол жеткізгенімен, өзінің қазіргі клубында бар болғаны 3 рет жеңімпаз атанды. Атақты ойыншының Испанияға қоныс аударғанына қарамастан, «Қызыл сойқандар» әлі де португалдық ойыншының жүрегінен ерекше орын алатын көрінеді.
«Иә, «Манчестерде» мансабымның ең керемет кезеңдері өтті. Ол жақта жүріп мен бәрін жеңдім. Өмірімнің ең қызықты бөлігі де сол жақта өтті. Өз ойынымнан ең күшті ләззат алған кездер осы командада болған шығар, себебі мен өте жас болдым. Әлемнің ең мықты клубтарының бірі - «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсету және бар болғаны 18 жаста – бұл тек арман! Сонымен қатар, бұрын тек теледидардан ғана көруге болатын ойыншылармен бірге ойнау арқылы өз ойынымнан ләззат алғанымды сезіндім», - дейді Роналду The Sun-ға берген сұхбатында.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: vidomosti-ua.com