Конфедерация Кубогының әр матчы үшін Бразилия 7,5 миллиион долларға шығындалып отыр

Бразилияда өтіп жатқан Конфедерация Кубогының 16 матчының әрқайсысы федералды бюджет үшін 7,5 миллион доллар шығын әкеліп отырғаны белгілі болды.  

Бұл аталған сомаға 2014 жылы өтетін әлем чемпионатына арналған инфрақұрылымдар мен стадиондардың құрылысы және оларды пайдалануға жұмсалған қаржы кірмейді. Сонда тек қана әр матч үшін жұмсалатын қаржы 7,5 миллион долларды құрап отыр. Бұл туралы Бразилияның БАҚ өкілдері хабарлайды. 

Айта кетейік, Конфедерация Кубогы елдің алты қаласының стадиондарында өтеді. Олардың төртеуі белгіленген уақыттан кешігіп тапсырылса, финалдық матч өтеді деп күтілген аты аңызға айналған "Маракана" стадионының құрылысы әлі күнге дейін біткен жоқ. 

Конфедерация Кубогы келесі жылы елде өтетін футболдан әлем чемпионаты алдындағы коммерциялық және дайындықты пысықтауға арналған турнир болып саналады. 

Тағы да бір қызықты мәлімет, "футбол елі" саналатын Бразилияда  қазіргі кезде әлем чемпионатын өткізуге қарсылық білдірген халық көшеге шығып, "бізге футбол емес, балабақшалар мен мектептер керек" деп ұрандатып, полициямен қақтығысып жатыр. Бұған себеп футбол нысандарына бөлінген бастапқы қаржының ел бюджеті есебінен тағы да көбеюінде жатса керек. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: fratria.ru, eurosport.ru