- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Конфедерация Кубогы. Бразилия...
Конфедерация Кубогы. Бразилия бірінші болып толық құрамын жариялады
Футболдан Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколари өз алаңдарында өтетін Конфедерация Кубогына қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.
Бұл тізімге Сколари «Зениттің» шабуылшысы Халкты қосыпты. Сондай-ақ, Неймар, Оскар, Данте секілді жас ойыншылардың есімдері де бұл тізімде бар. Бірақ, бапкер Бразилия құрамасының ардагер ойыншылары Роналдиньо («Атлетико Минейро») мен Кака («Реал»), сондай-ақ бірнеше жас ойыншылар Алешандре Пато («Коринтианс»), Гансо («Сан-Паулу»), Рафаэль («Манчестер Юнайтед») және Рамиресті («Челси») тізімге енгізбеген екен.
Бразилия құрамасының Конфедерация Кубогына қатысатын толық құрамы мынадай:
Қақпашылар: Диего Кавальери («Флуминенсе»), Джефферсон («Ботафого»), Жулио Сезар («КПР»);
Қорғаушылар: Дани Алвес («Барселона»), Филипe Луис («Васко да Гама»), Марсело («Реал»), Жеан («Флуминенсе»), Давид Луис («Челси»), Данте («Бавария»), Ревер («Атлетико Минейро»),Тьяго Силва («ПСЖ»);
Жартылай қорғаушылар: Фернандо («Гремио»), Жадсон («Сан-Паулу»), Эрнанес («Лацио»), Луис Густаво («Бавария»), Оскар («Челси»), Паулиньо («Коринтианс»), Бернард («Атлетико Минейро»);
Шабуылшылар: Фред («Флуминенсе»), Халк («Зенит»), Лукас Моура («ПСЖ»), Неймар («Сантос»), Леандро Дамиао («Интернасьонал»).
Айта кетейік, Бразилия құрамасы Конфедерация Кубогында А тобына түскен. Енді Әлемнің бес дүркін чемпиондары бұл топта Италия, Мексика және Жапониямен күш сынасатын болады.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: football.ua
Ю. НИКУЛЛИН