Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) киберспортты Олимпиада бағдарламасына қосу жайын талқылады. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы жазды.
- Киберспортты Олимпиада бағдарламасына қосу үшін арнайы ұйымы болу керек. Ол ұйым ережелердің сақталуы мен дамуын, допинг мәселесін қадағалауы керек, - деп жазылған ХОК мәлімдемесінде.
Сондай-ақ киберспорттың жастар арасында да танымалдылыққа ие болып келе жатқанын хабарлаған.
- Киберспортты спорттың бір түрі ретінде қарауға болады, себебі ойыншылар кәдуілгі спортшылар секілді дайындалады, арнайы жүйе құрады, - дейді ХОК.
Айта кетейік, тамыз айында киберспорт Олимпиада ойындары бағдарламасына енуі мүмкін деген ақпарат тараған еді.
2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Жапония елінің астанасы Токиода өтеді. Қазіргі таңда төртжылдықтың басты додасына серфинг, бейсбол, құзға өрмелеу, карате мен скейтбординг сынды спорт түрлері енген. Жапониядағы доданың бағдарламасына енген 5 спорт түрінің келесі Олимпиадаларға қосылуы міндетті емес.
* Киберспорт 1960 жылдары дами бастады. Алғашында әскери салада қолданыла бастаған ғаламтор желісі көп ұзамай халыққа кеңінен таныла бастады. Ойындардың шығуы бұл саланың дамуына ерекше серпіліс берді. Бүгінде киберспорт түрлерінен жүлде қоры қомақты жарыстар жиі ұйымдастырылып тұрады.
Киберспорттағы ірі жарыстарда допинг тексеру өтеді.