Футболдан Испания Кубогы жартылай финалының алғашқы матчы мадридтік "Реал" мен каталониялық "Барселона" арасында өткен кезекті Эль Классико тең есеппен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Есепті алғаш болып қонақтар ашқан еді. 50-минутта Мессидің тамаша шығарып берген пасын ұтымды пайдаланған Фарбрегас допты қақпаға дәл көздеді. Есеп 0:1. Алаң иелері матчты тек ойын аяқталарға 10 минут қалғанда ғана құтқарып қала алды. Голдың авторы - Рафаэль Варан.
Осылайша екі кездесуден тұратын жартылай финалдық ойынның бірінші матчы тең есеппен аяқталды. Қарымта ойын 27 ақпан күні Барселонада өтеді.
Футбол. Испания Кубогы. Жартылай финал. Алғашқы матч:
"Реал" (Мадрид) - "Барселона" (Барселона) - 1:1
Голдар: Фабрегас, 50 (0:1); Варан, 82 (1:1).
Ескертулер: Карвалью, 16; Кальехон, 42; Алонсо, 90 - Пике, 1; Алвес, 72; Пуйоль, 82.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: merengues.ru