Англия чемпионатының кезекті турында "Сандерланд" пен "Рединг" арасында өтетін матч ауа райының қолайсыздығына байланысты кейіне қалды.
Бүгін, Астана уақытымен сағат 20:00-де кездесу өту керек еді, алайда нөсер жауынның салдарынан "Стэдиум оф лайт" суға толғандықтан кейінге қалдырды. Екі клубтың бапкерлері мен қызмет ететін төрешілердің кеңесінен соң, кездесу күнін ауыстыруға шешім қабылданды.
Сандерланд пен Рединг арасында өтетін ойын күнін лига басшылары жариялайтын болады.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: vesti.kz