Кевин-Принс Боатенг "Монакоға" ауысуы мүмкін

Кевин-Принс Боатенг "Монакоға" ауысуы мүмкін

"Милан" вице-президенті Адриано Галлиани сейсенбі күні "Монако" клубымен Кевин-Принс Боатенгті "княздікке" сату үшін екі жақты келісім-шарттарды талқылау мақсатымен Ниццаға ат басын бұрмақ. Оған дейін вице-президент Робиньо немесе Стефан Эль-Шааравидің "Монакоға" ауысу мүмкіндігін қарастырады деген сыбыс болған еді. Алайда бұл ақпарат кейін расталған жоқ. 

Боатенгтің клубтан кететіндігі жөніндегі ақпараттар оның биылғы маусымды сәтсіз өткізгенінен кейін пайда бола бастады. Ол 29 матчқа қатысып, бар болғаны 2 голдың авторы атанған екен.

26 жасар жартылай қорғаушы "Сан-Сироға" 2010 жылы "Портсмуттан" ауысып келген еді. 

Естеріңізге сала кетсек, биыл ресейлік миллиардер Дмитрий Рыболовлев басқаратын "Монако" Францияның жоғары лигасына жолдама алған еді. Қазірдің өзінде құрамын күшейтуді ойлаған клуб өз қатарына испан біріншілігінің үздік сұрмергендерінің бірі Радамель Фалькао сияқты ойыншыларды қосып үлгерді.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: eurosport.ru

Б. Қосмағамбет