- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Кеңседе жұмыс істейтіндерге...
Кеңседе жұмыс істейтіндерге дене жаттығуының пайдасы қандай?
Фото:
taisounds.com
Бүгінде кеңсе жұмысы қалыпты өмір салтына айналды. Көбі физикалық еңбекті қажет етпейтін, компьютер алдында отыратын кеңсе жұмысын таңдайды. Алайда күнде бірнеше сағат бойы бір орыннан қозғалмай отырудың өз зияны бар.
British Journal of Sports Medicine ғылыми журналында жарияланған зерттеу жұмысында кеңседе жұмыс істейтін, бірқалыпты өмір салтын ұстанатындар үшін денсаулығын қалпында сақтауға байланысты шаралар айтылған.
4 елден қатысқан 44 370 адам зерттеуге сәйкес, күнде 30-40 минут уақытын дене жаттығуына бөлетін адамдардың денсаулығы сыр бере қоймайды. Ғалымдар 10 сағат отырып жұмыс істейтіндер кем дегенде жарты сағат дене жаттығуын жасау қажет деп есептейді. Осының арқасында кеңседе жұмыс істейтіндердің өмір жасын ұлғайтуға болады.