Кениялық спортшы жартылай марафон рекордын жаңартты

Кениялық желаяқ Кибивотт Канди Валенсияда (Испания) өткен жартылай марафонда әлем рекордын жаңартты. Ол 21,1 километр қашықтықты 57 минут 32 секундта жүгіріп өтті.

Жартылай марафонның осыған дейінгі рекорды Кибивотт Кандидің отандасы Джеффри Камворор еншісінде еді. Оның нәтижесі 58 минут, 1 секунд болатын. Ол да Валенсиядағы жарыста бақ сынап, мәреге бесінші болып жетті.

Кибивотт Кандиден 5 секунд қана кешіккен угандалық спортшы Джейкоб Киплимо екінші орынды қанағат тұтты. Үшінші және төртінші орынды да кениялық желаяқтар Ронекс Кипруто (57.49) мен Александер Мутисо (57.59) еншіледі.