26-наурыз күні, яғни бүгін Германияның Нюрнбергінде 2016 жылы өтетін әлем біріншілігіне іріктеу аясында Германия мен Қазақстан арасында өтетін матчта қорғаушы Бенедикт Хеведес пен шабуылшы Марио Гомес алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды Германия футбол Федерацияның ресми сайты.
Оған себеп екеуінің де алған жарақаттары болып отыр. Қазірдің өзінде олар ұлттық құраманың жаттығу жиындарын тастап, өз клубтарына емделуге қайтып кеткен көрінеді. Айта кетейік, Хеведес пен Гомес жұбы осыған дейін жеке бағдарламамен жаттығуға мәжбүр болған еді. Алайда бапкерлер кеңесе келе, екеуінің де денсаулықтарын тәуекелге байламауды жөн санапты.
Естеріңізге салсақ, 22-наурыз күні Астанада өткен Қазақстан мен Германия арасындағы матчта Йоахим Лев баптайтын немістер 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: sport-xl.net