Қазақстандық боксшы қызДина Исламбековабірде-бір жекпе-жек өткізбей Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайдыVesti.kzтілшісі. 81 кг-нан жоғары салмақта әлем чемпионатына 3 боксшы қыз ғана келген. Оның бірі - Азия чемпионыДина Исламбекова. Ал үндістандықНеха Ядавпен украиналықМария Ловшинскажартылай финалда жұдырықтасады. Жеңгені финалда қазақ қызымен кездеседі. 31 тамызға дейін жалғасатын жас боксшылар бәсекесіне 66 елдің спортшылары қатысуда. Алғаш рет қыздар мен жасөспірімдер арасында біріктіріліп өткізілуде. Қазақстандық жас боксшылар Будапештте сәтті өнер көрсетуде.Сағындық Тоғамбай(81 кг),Ермахан Жақпеков(69 кг),Анель Құдайберген(48 кг),Нұрбек Оралбай(75 кг),Махмұд Сабырхан(49 кг) менГузаль Садықова(- 81 кг) жартылай финалға шықты. Моңғол боксшы қызын жеңгенЖансая Әбдіраймоваширек финалға шықты. Онда ресейлікЛюбовь Шараповаменкездеседі. Рахат Серкебаев(52 кг),Бейбарыс Жексен(56 кг),Талғат Шәйкен(64 кг) менРахат Сейітжан(60 кг) жартылай финалға өте алмады. Бүгін тағы төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады. Финалдық жекпе-жектер 30-31 тамызға жоспарланған.