Қазақстандағы ең бай 10 спортшы

Қазақстандағы ең бай 10 спортшы
Фото: google.kz

«Toprichests.com» сайты Қазақстанның ең қалталы спортшыларының тізімін жариялады. Бұл рейтингте кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин көш бастап тұр.

Орта салмақта WBA, IBF IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына отандасымыз Геннадий Головкиннің байлығы 8,5 миллион АҚШ доллармен өлшенген. Екінші орынға Атланта Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой бокста қазақ елін танытқан боксшы Василий Жиров орналасқан. Бір кездері кәсіпқой рингте «Балқаш барысы» деген атпен танылған боксшының байлығы 8,1 миллион долларға бағаланған. Үштікті бұрынғы ұлттық құрама және «Барыс» командасының хоккейшісі Николай Антропов (7,6 миллион доллар) түйіндеген.

Қазақстандағы ең бай 10 спортшының рейтингі төмендегідей:

1. Геннадий Головкин — $8,5 миллион
2. Василий Жиров — $8,1 миллион
3. Николай Антропов — $7,6 миллион
4. Самат Смақов — $7,5 миллион
5. Бақтияр Артаев — $6,9 миллион
6. Ярослава Шведова — $5 миллион
7. Галина Воскобоева — $4,3 миллион
8. Виталий Колесник — $3,5 миллион
9. Андрей Карпович — $3,3 миллион
10. Руслан Балтиев — $2,8 миллион

О. Сансызбай