- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Қазақстан – Швейцария...
Қазақстан – Швейцария жастар құрамалары кездесуінің ең үздік сәттері
Қазақстан жастар құрамасы (U-21) 2017 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің топтық сынындағы екінші ойынында Швейцария құрамасына есе жіберді. Алматының орталық стадионында өткен ойында қонақтарға 3 ұпай сыйлаған голды 85 минутта шабуылшы Шани Тарашай пенальтиден соқты. Саулюс Ширмялис шәкірттері сәтті қорғана білгенмен, тең есепті ұстап қала алмады. Ал біз сіздерге ойынның ең үздік сәттерінен фоторепортаж ұсынамыз.
Кіру тегін болғанмен, стадион жанкүйерлерге толы болған жоқ.
Швейцария жастары шабуылда ойнап, қазақстандықтар қарымта шабуылға иек артумен болды.
Әлішер Сүлей қақпашымен бетпе-бет шығып, гол соға алмады.
Әлішер Сүлейдің қауіпті шабуылынан кейін Швейцария жастары қорғанысты назардан тыс қалдырмауға тырысты.
Дидар Жалмұхан жиі алға ұмтылып, қонақтар қорғаушыларын "мазалаумен" болды.
Абат Айымбетов пен Әлішер Сүлейге жиі пас асырумен көзге түскен Еркебұлан Тұңғышбаевқа қарсы қонақтар жиі ереже бұзумен болды.
Қазақстан жастар құрамасының ойыншылары айып соққысын голға айналдыра алмады.
Нәтижесінде бірінші таймда 0:0 есебімен тең тарқасып шықты.
Екінші таймның басында қос ұжым алаң ортасында допқа талас жүргізді.
Мбого бірнеше қақпасынан ерте шығып, командасын голдан аман алып қалды.
70 минуттан аса қонақтар шабуылын үдете түсті.
Ара-арасында Саулюс Ширмялис шәкірттері де шабуылдап тұрды.
85 минутта бас төреші Никола Попов Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Шабуылшы Шани Тарашай айып соққысын сәтті орындады.
Қазақстан жастары таразы басын теңестіруге ұмтылды.
Абат Айымбетов барын сала ойнағанмен, қақпаны дәл нысанаға ала алмады.
Швейцариялықтар Еркебұлан Тұңғышбаевты ойын соңына дейін шалумен болды.
Ойын аяқталуға аз қалғанда Еркебұланның жүйкесі сыр берді.
Төреші ойыншыларға сары қағаз көрсетіп, "сабырға" шақырды.
Қосымша 4 минут та аяқталып, Қазақстан жастары топтағы екінші ойынында жеңіліс тапты.
Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz сайтынан оқи отырыңыздар.
О. Сансызбай