- Негізгі бет
- Бұл қызық
- "Қазақстан Барысы" брендімен...
"Қазақстан Барысы" брендімен сүттер сатыла бастады
Еліміздің дүкендерінде «Қазақстан Барысы» деген жаңа брендпен сүттер сатыла бастады. Сыртында турнирдің аты жазылған табиғи ұлттық сүт шығару идеясы қазақша күрестен айтулы доданының авторы әрі «КТК» телеарнасының жетекшісі Арман Шұраевқа тиесілі. Назарларыңызға идея авторы мен Vesti.kz тілшісі арасында болған сұқбатты ұсынамыз.
- Біз тек осы спорттың түрін ғана емес, оған қатысты индустрияны да дамыту үстіндеміз. Сатылымға түскен сүт Акмола облысындағы Зеренді ауданына қатысты Садовое ауылында құйылған. Бұл біздің біршама адамдардармен бірлесіп, ойласып жасалған жоба болды. Жақын болашақта біз басқа да сегменттерді қамтимыз деп ойлаймын. Неліктен дәл осы сүттен бастағанымызды айта кетсем. Себебі ол бейтарап өнім, оның халық арасындағы танымалдылығы да жоғары. Өкінішке орай, Қазақстанда сатылатын сүттің жартысына жуығы табиғи емес. Оны ұнтақтан езіп алады, сондықтан ол сүт емес, жәй ғана сүтті сусын. Ал біз жасап шығарған сүт барлық жағынан таза, сиырдан жаңа сауылған табиғи өнім,-дейді Шұраев.
- Басқа да жобаларыңыз жөнінде айтсаңыз...
- Сүт – біздің тұңғыш өніміміз. Қазір спортқа қатысты жобаларымыз бар. Басқа да азық-түлік өнімдеріміздің және халық тұтынатын тауарлардың болатынын жоққа шығара алмаймын. Бастысы – өнімдеріміз халыққа ұнаса, қолжетімді болса дейміз.
- Бұл сүттерді қайдан сатып алуға болады? Бағасы қанша?
- Осымен сүттің сатылғанына екі-үш күн болды. Қазіргі кезде бұл сүттерді Астана қаласы мен Ақмола облысындағы дүкен сөрелерінен таба аласыз. Жақын күндері басқа да аймақтарға шығуды жоспарлап отырмыз. Бағасы – 215 теңге.
Естеріңізге салар болсақ, «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің финалдық белдесулері 29 маусым күні Астана қаласында өтеді. Жарысқа қатысушылардың толық тізімін мына жерден көре аласыздар.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: ©Vesti.kz
Б. Қосмағамбет