Алматылық «Қайрат» шағын футбол клубын алдағы уақыттан бастап бразилиялық маман Какау жаттықтыратын болады.
Ертеректе айтқанымыздай, алматылық команданы бірнеше жыл бойы жаттықтырған Жоао Барбоза өз орнынан кеткен болатын. Ол енді ресейлік «Сибиряк» командасын жаттықтырады. Оның орнына «Қайрат» клубының жетекшілері Рикардо Камара Собрала немесе көпшілікке Какау лақап атымен танымал бапкерді шақырды. Бұл бапкер бір кездері «Қайрат» командасының сапында футболшы ретінде бірнеше маусым өткізген.
Айта кетейік, соңғы уақытта Какау Чехияның Хрумида қаласында жасақталған «Эра-Пак» ұжымын жаттықтырған. Бүгінде маман Алматыға ұшып келіп, командамен танысып та үлгерген. Ал жанкүйерлерге Какауды «Қайраттықтар» келер аптада таныстыратын болады.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz