«Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат кеше «Ордабасымен» өткен ойыннан кейін алаңға жүгіріп шықты. Нәтижесінде оны тоқтатпақ болған тәртіп сақшыларымен арада қақтығыс орын алды.
Исламбек Қуат өткен ойындардағы ескерту қағаздарына байланысты «Ордабасымен» өтетін ойынға қатысуға мүмкіндігі болмады. Нәтижесінде футболшы ойынды клубтың фан-секторы аймағында тамашалады. Ойын аяқталған соң футболшы командаластарын құттықтау үшін алаңға жүгіріп шыққан. Осы сәтте тәртіп сақшылары ойыншыны тоқтатпақ болған сәтте қақтығыс орын алды. Қос тарапты алматылық клубтың қызметкерлері келіп бір-ақ ажыратты.
Ескерту: видеода былапыт сөздер кездеседі.
Айта кетейік, кеше ел премьер-лигасының XVI тур ойындары өтті. «Қайрат» пен «Ордабасы» 2:2 есебімен тең ойнады. Ал өзге ойындарда «Астана» сырт алаңда «Тобылды» 2:1 есебімен, Таразда талдықорғандық «Жетісу» алаң иелерін 2:3 есебімен ұтты. «Ертіс» өз алаңында «Ақтөбені» 4:1 есебімен ұтса, «Ақжайық» Оралда «Атырауға» 4:0 есебімен ұтылды. Ал Көкшетаудың «Оқжетпес» клубы өз тарихында алғаш рет Қарағандының «Шахтер» клубын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.