Мадридтік «Реалдың» жаттықтырушысы Жозе Моуриньо «Мачестер Юнайтедке» қарсы қарымта ойынға қақпашы Икер Касильястың қатыспайтынын мәлімдеді.
Қаңтар айында қолын сыныдырып алуы мен содан бері ойын практикасы болмағанына қарамастан, тәжірибелі саналатын қақпашы Манчестерге аттанатын 24 футболшының тізіміне ілінген.
31 жастағы Касильяс бейсенбіден бастап жаттығу жұмыстарын бастапты, алайда Моуриньоның айтуынша, сейсенбі күні кешкісін «Олд Траффордта» өтетін кездесуге командадан тек Икер ғана дайын емес екен.
«Икерден басқасының барлығы өз қалыптарында және ойнауға дайын», - дейді Моуриньо.
Сонымен, Мадридтегі алғашқы ойындағыдай «Реал» қақпасын Диего Лопес қорғайтын болады.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: foxsports.com.br